ЖШС «Ер-Сәби» балабақшасының Құрылтайшысы
Медеуова Анаргуль Койекеевна
Ел ертеңі – жас өскіндердің бала күнінен-ақ бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, дұрыс тәрбие беру – ең маңызды дүние.
Қазіргі ЖШС «Ер-Сәби» балабақшасының құрылтайшысы Медеуова Анаргуль Койекеевна 1969 жылы 18 ақпанда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ават ауылында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, болашақта Білім саласында жұмыс жасауды көздеген Ізгі ниетті, өз мамандығын сүйе білген, еңбекқор – ұстаз.
Ұстаздық еңбек жолын 1987-1992 жылдары Талдықорған педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетінің Математика қосымша физика мамандығын тәмамдағаннан соң, 1992 жылы Шонжы Қазақ Орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
1993-1995 жылдары Алматы қаласы, Қазақ Түрік лицей-интернатында тәрбиеші болып жұмыс атқарды. Аталған лицейда жаңашылдықпен көзге түсіп, түрлі тәрбие сағаттары мен семинарлар үлгісін көрсете білді. Тәрбиешілік қызметін ерекше жауапкершілікпен атқара отырып, өзінің мейірімділігімен әр баланың жүрегінен орын таба білді. Ұжымда беделді, өз ісін сүйіспеншілікпен атқара білген, бірден-бір маман иесі екенін айтуға болады.
1996-2006 жылдары Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №58 Қазақ Орта мектебінде Жоғарғы біліктілікті санатты математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. Оқушылары Республикалық, аудандық олимпиаданың жүлделі орын иелері атанып, өзі Жас ұрпаққа білім берудегі еңбегі үшін бірнеше Құрмет грамотасы, диплом, Білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Білімді ұстаздың еңбегі еленіп, аталған ұжымда «Математика және Физика» кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Абай атындағы Гуманитарлық Университетінде «Физика және Математика» факультетінің «Жоғарғы математика» пәнінен ұстаздық етті.
Қазіргі таңда «Ер-Сәби» балабақшасының директоры әрі меңгерушісі ретінде заманауи әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, балабақшаның абыройын асқақтатуда. Балабақшада өткізілген іс-шаралар мемлекеттік интернет желісінде Республика көлімінде таралуда. Аудан, облыс көлемінде балабақшалармен әдіс-тәсіл алмасуды да назардан тыс қалдырмаған. Әр атаулы мерекелер сайын балалар мен ата-аналарды байланыстыра отырып, заман талабына сай түрлі іс-шараларды жоспар бойынша үздіксіз өткізуде. Баланың жас ерекшелігіне қарай, логопедия, психология, робототехника және хареография пәндерінің жүргізілуін қамтамасыз етуде.
Осынау қағиданы жете ұғынған А. Медеуовадай ұлағат иесінің де алдынан ұлтын жанымен сүйетін, өскелең ұрпақтың көптеп шығарына сенім мол! «Жақсы ұстазға сай – білімді де, білікті шәкірті» ел абыройын аспандатып, намысын жыртып жатса, ұстаз бақыты деген осы да!!!
Пікірлер қосу